Коронавирус анықталған Іле тұрғынымен байланыста болған 47 адам оқшауланды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының Іле ауданында коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды. Ол 47 адаммен қарым-қатынаста болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус анықталған Іле тұрғынымен байланыста болған 47 адам оқшауланды

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың 34-нің анализі теріс нәтиже көрсетті. Эпидемиологиялық тексеру жалғасып жатыр.

Ал 1988 жылғы науқастан індет профилактикалық тексеру кезінде анықталған. Қазір онымен қарым-қатынас жасаған 47 адамның барлығы оқшауланды.

Науқас қазір Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды.

Айта кетейік, осы сағатта Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 114-ке жетті. 10 адам індеттен жазылып шықты.