Коронавирус анықталған соңғы екі науқастың бірі шетелдік азамат - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирус инфекциясы анықталған соңғы екі адам туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус анықталған соңғы екі науқастың бірі шетелдік азамат - ДСМ

«Олардың бірі 1976 жылы туған шетелдік, ол бүгін түнде Лондон қаласынан ұшып келген. Екіншісі - Қазақстан азаматы, ол 1970 жылы туған. Екеуі де стационарда жатыр, денсаулықтары қанағаттанарлық», - деді Диас Ахметшәріп «Хабар 24» телеарнасындағы жаңалықтарда.

Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 56 науқас тіркелді. Нұрсұлтан қаласында 31 адамда короновирус инфекциясы анықталды. Алматы қаласында - 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында 1 адам инфекция жұқтырған.