10:23, 07 Наурыз 2021 | GMT +6
Коронавирус: Атырау облысы сары аймаққа өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанда 6 наурыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола мен Павлодар облыстары «сары аймақта» тұр. Қалған өңірлер «жасыл аймақта».