Коронавирус: Атырау облысы «сары» аймаққа өтті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау облысы коронавирус инфекциясын жұқтырушылар санының азаюына байланысты «сары» аймаққа өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, соңғы тәулікте – 20 қыркүйекте 29 адамнан қауіпті вирустың белгісі анықталған. Оның ішінде Атырау қаласында - 8, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнында 15 науқас тіркелген. Сондай-ақ, Құрманғазы ауданында 2, Мақат ауданында 1 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан.

«Корононавирус инфекциясының тиісті симптомы 11 науқаста байқалып отыр. Ал, 18 адамда вирус белгілері жоқ. Өткен тәулікте коронавирустан 209 адам емделіп шықты.

Қазір үй жағдайында 1 367 адам ем-дом қабылдауда. Модульдік ауруханада – 117, ал, №2 облыстық ауруханада – 99, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 89,

фтизиопульмонология орталығында 26 науқас емделіп жатыр. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 87 пациент оқшауланған», -деп хабарлады басқарманың

баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында инфекциялық стационарлардағы науқастар 4 есеге азайғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар