Коронавирус: Атырау облысында 1 780 орындық резервтік төсек-орын дайындалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны күрт көбейді. Осыған байланысты 1 780 орындық резервтік төсек-орын дайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус: Атырау облысында 1 780 орындық резервтік төсек-орын дайындалды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте «қызыл» аймақтағы Атырау облысында 437 адам коронавирус инфекциясын

жұқтырды. Қауіпті вирусқа шалдыққан науқастардың күрт көбеюі резервтік төсек-орындар жасақтауға мәжбүр етіп отыр.

«Атырау облысындағы эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады. Қазір 646 адам үй жағдайында, 453 науқас инфекциялық стационарларда хаттамаға сәйкес ем-дом қабылдап жатыр. Коронавирус инфекциясын жұқтырушылар санының көбеюіне байланысты

медицина мекемелерінің базасында 1 780 адамға арналған резервтік төсек-орын дайындалды. Мұндай резервтік төсек-орын Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында да

жасақталды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.