Коронавирус: Атырау облысында өткен тәулікте бір адам көз жұмды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте «жасыл» аймақтағы Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өткен тәулікте – 7 қарашада қауіпті вирусты жұқтыру дерегі төмендеп, 9 адамнан ғана анықталған.

«Оның ішінде Атырау қаласында Covid-19 инфекциясына шалдыққан 3, Теңіз кен орнында 5, Жылыой ауданында 1 науқас тіркелді. Коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам қайтыс болды. Сондай-ақ, қауіпті вирустан 56 пациент сауығып шықты» деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Қазір үй жағдайында 181 адам ем-дом алып жатыр. Ал, 730 төсек-орны бар инфекциялық стационарларда 159 науқас (жүктеме – 21,8%) оқшауланған.

Оның ішінде модульдік ауруханада – 93, Теңіз кен орнындағы стационарда – 39, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 23, ал, №2 облыстық ауруханада 4 пациент ем қабылдауда.

«Инфекциялық стационарлардағы 75 орындық жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 14 науқас жатыр. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 1 пациент өкпені жасанды желдету аппартына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме 18,7% құрап отыр», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 369 науқас коронавирустен емделіп жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар