Коронавирус: Атырауда жансақтау бөлімінде 46 науқас жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырып, жағдайы нашарлаған 46 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус: Атырауда жансақтау бөлімінде 46 науқас жатыр

Бұған дейін облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп, 38 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған едік.

«Бүгін өңірдегі 2 428 төсек-орынға есептелген инфекциялық стационарларда 771 пациент ем қабылдау үшін оқшауланды. Стационарлардағы жүктеме – 31,7%. Ал, 103 орындық жансақтау бөлімінде 46 пациент жатыр. Науқастардың 4-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөліміндегі жүктеме 42%-ды құрайды», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.