Коронавирус балалардан ересектерге көп жұға бермейді – Алмаз Шарман

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған онлайн сұхбат барысында Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман балалар арасында КВИ ерекшеліктері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«5-12 жас аралығындағы балалар өздері де сирек ауырады әрі ересек адамдарға сирек жұқтырады. Оған бірнеше себеп бар. Стэнфорд университетіндегі белгілі педиатр әріптесім бірнеше себебін атады. Оның бірі – кросс-реакция. Балалар әдетте жиі суық тиіп ауырады. Бұған коронавирус инфекциясының басқа түрі қоздырғыш болуы ықтимал. Сондықтан бұл балалардың иммундық қорғанышының пайда болуына әкеледі. Сондықтан, ересектерге қарағанда олар неғұрлым жақсырақ қорғанған. Алайда, бұл балалар мүлде ауырмайды деген сөз емес. Сондықтан, маска тағу, қауіпсіздікті сақтау бірінші кезекте қолға алынуы керек», - деді спикер.

Бұған дейін сарапшы тұмаудан вакцинацияның коронавирусты 20 пайызға жеңілдететін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар