Коронавирус: Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа қайта енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 19 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы тұр.

«Сары» аймақта Ақмола, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.

Еске салайық, 16-17 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларымен қоса, «қызыл» аймақта Батыс Қазақстан облысы болған еді. 18 наурызда БҚО «сары» аймаққа өтті.


Соңғы жаңалықтар