08:31, 13 Наурыз 2020 | GMT +5
Коронавирус: Бельгияда мектептер, дәмханалар мен мейрамханалар жабылды
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгияның премьер-министрі Софи Вильмес Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін COVID-19 коронавирусымен күрес бойынша жаңа шаралар туралы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Дүйсенбіден бастап 3 сәуір – пасха мейрамының басына дейін мектептерде сабақ тоқтатылды.
Барлық көңіл көтеру шараларын тоқтатты. Мейрамханалар, дәмханалар мен клубтар жабылды. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқалары апта бойы ашық болады, бірақ демалыс күндері жабылады. Барлық азаматқа, мүмкіндігінше, үйден шықпай жұмыс істеу ұсынылуда.
Қоғамдық көлік жұмысын жалғастырады, алайда премьер-министр оны аса қажет болған жағдайда ғана пайдалануды ұсынды.
11 миллионнан астам адам тұратын Бельгияда коронавирустан үш адам көз жұмды. 369 адам COVID-19 вирусына тест тапсырды. Тест оң нәтиже көрсетті.