16:47, 11 Шілде 2022 | GMT +5
Коронавирус белгілері өзгерген жоқ – елорданың бас санитарлық дәрігері
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус белгілері өзгерген жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Коронавирус ағымы өзгеріске ұшыраған жоқ. Науқастандарда жіті респираторлық вирустық инфекциялардағыдай белгілер бар. Ауруға шалдыққандардың шамамен 70 пайызы - екпе алғанына ұзақ уақыт болған адамдар. Бірақ, бұл адамдар белгілі бір себептермен қайтадан вакцина алмаған. Әрине, бұл иммундық қорғаныстың төмендеуіне әсер етіп отыр», - деді Сархат Бейсенова агенттік тілшісінің сауалына берген жауабында.
Оның атап өтуінше, аурудың өршитіндігі болжанған еді. Өйткені, жазғы уақыт демалыс маусымы болғандықтан адамдардың бір-бірімен араласуы артады.
Бұған дейін Сархат Бейсенова коронавирустың өсіміне байланысты елордаға кіріп-шығуға тыйым енгізу қарастырылып отырмағанын айтқан хабарлаған едік.