09:02, 15 Тамыз 2020 | GMT +5
Коронавирус белгісі бар пневмония: 828 науқас тіркеліп, 13 адам көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 тамызда елімізде коронавирус инфекциясының белгісі бар 828 пневмония тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 828 жағдайы және 13 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздағы тіркелген мәлімет бойынша, ауырғандар саны 17494, аурудан көз жұмғандар саны 211», делінген хабарламада.