Коронавирус белгісі бар пневмониядан жазылып шыққандардың саны 35,5 мыңға жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирус белгісі бар пневмониядан жазылып шыққандардың саны 35,5 мыңға жетті

«27 қаңтарда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 59 жағдайы тіркелді. Оған қоса 74 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 47 717, 564 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35 510 жетті», делінген хабарламада.