Коронавирус: БҚО-да ауруханаға ауыр халде түскен сәбидің беті бері қарады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО жұқпалы аурулар ауруханасында 124 адам коронавирустан емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның 8-і – балалар. Олардың бәрі де орташа ауыр халде.

«Соның ішінде екі жасар баланың беті бері қарады. Бұрын ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылса, қазір өздігінен демалады. Тамағын ішеді», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырған екі жасар бүлдіршіннің жағдайы өте ауыр екендігін, Қарашығанақ кенішінде карантин алынғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар