Коронавирус: БҚО-да коронавирустан жазылған екінші адам үйіне шығарылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирустан екінші адам жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: БҚО-да коронавирустан жазылған екінші адам үйіне шығарылды

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, Ақсай қаласының тұрғыны үйіне шығарылды.

«Әйелдің жағдайы қанағаттанарлық. Алынған сынамалар жақсы. Енді ол 14 күн бойы үй карантинінде болады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Ахметова.

Бұл – өңірде аталмыш дерттен жазылып шыққан екінші адам.

Бұдан бұрын БҚО-да ауырғандар ішінен алғашқы адам жазылып шыққан еді.

Осылайша өңірде коронавирусқа шалдыққан 25 адамның екеуі емделіп шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын коронавирус жұқтырған ақсайлық әйелдің Саратовтан келгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, БҚО-да коронавирус жұқтырған 2 адамның автобекетте қызуы көтерілген.

Ал 406 мың масканы Қазақстаннан Ресейге алып бара жатқан жүргізуші ұсталды.