Коронавирус: БҚО-да соңғы тіркелген екі науқас та Ресейден келген

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған екі науқас та Ресейден келген болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: БҚО-да соңғы тіркелген екі науқас та Ресейден келген

БҚО-ның шұғыл штабы мәлім еткеніндей, бұлардың екеуі де – облыс тұрғындары.

Олар бұдан бұрын коронавирус анықталған науқаспен бірге Ресейден келген.

Зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы расталғаннан кейін екеуі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі таңда жағдайлары қанағаттанарлық.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу және дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

Осылайша БҚО-да сырқаттанғандар саны 20-ға жетті, олардың біреуі жазылып шықты.

Еске сала кетейік, БҚО-да коронавирус Ресейде жұмыс істеп келгендерден анықталғанын, Орал қаласында автобустар қатынасы тоқтатылатынын жазған болатынбыз.