Коронавирус: БҚО-да жұқпалы аурулар ауруханаларында 155 науқас емделуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жұқпалы аурулар ауруханаларында 155 науқас емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, өңірде 359 төсектік 7 жұқпалы аурулар стационары бар.

Сондай-ақ 185 төсектік 4 карантиндік стационарда күні бүгін 44 адам ем алуда.

Жансақтау бөлімінде 15 адам жатыр.

Облыста резерв ретінде 2028 төсек (1253-і жұқпалы аурулар, 775-і карантиндік стационарда) әзірленген.

Сол секілді пневмонияға шалдыққан 132 адам стационарда, 48-і амбулаторлық ем алуда.

Күні бүгін инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 4, жасанды тыныс алу аппаратына 2, оттегі концентраторына 4, орталықтандырылған оттегі көзіне 29 адам қосылған.

Қыркүйек айынан бері облыста 169 баланың коронавируспен ауырғаны тіркелді. Қыркүйек айында – 4, қазанда – 5, қарашада – 102, желтоқсанда 44 бала сырқаттанды. 14 балабақша тәрбиеленушісінің 12-сі қарашада, екеуі желтоқсанда дертке шалдыққан. Балалардың барлығы отбасы мүшелерінен жұқтырған.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 1 желтоқсаннан бері өңірде 669 адамнан ковид анықталды.

Облыста коронавирус жұқтырған барлық адамның 56,2 пайызы (4912) Орал қаласының үлесіне тиеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 16 адамның жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар