Коронавирус: Елордада 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еордада коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Елордада 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

«Қалада коронавирус инфекциясының 599 жағдайы тіркелді, 9 пайыз өсім бар. 332 науқас стационарларда жатыр, 214 адам емделіп шықты, үй карантинінде 2 576 адам бар. Өкінішке қарай, үш адам індеттен қайтыс болды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, 9 сәуірден бастап жаппай экспресс тестілеу жүргізу басталды, оны 15 528 адам тапсырды.

«Қазіргі уақытта 10 науқастың жағдайы тұрақты ауыр хәлде. Оның ішінде 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», - деді Б. Мәкен.