Коронавирус: Еңбек министрлігінің қоғамдық қабылдау бөлімі онлайн жұмысқа ауысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық қабылдау бөлімі қашықтан жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық қабылдау бөлімі 2022 жылғы 28 шілдеден бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін қашықтан жұмыс істеу режиміне көшеді.

Барлық өтініштер ресми интернет-ресурс (министрдің блогы, «сұрақ-жауап» сервисі) және Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің біріңғай платформасы «Е-Өтініш» (suraqtar.kz) арқылы электрондық түрде қабылданатын болады», - делінген ведомство мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар