Коронавирус: Грузияда вирус жұқтырғандар саны тәулігіне 24 201 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Грузияда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 24 201 жаңа оқиғасы тіркелген. Бұл туралы ел үкіметінің stopcov.ge арнайы сайтынан хабарланып отыр, деп жазады ҚазАқпарат Новости-Грузия ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Коронавирус: Грузияда вирус жұқтырғандар саны тәулігіне 24 201 адамға жетті

24 201 адам – бұл елде тәулік ішінде ауру жұқтыру бойынша тіркелген ең жоғары көрсеткіш. 26 қаңтарда тіркелген мәліметке сәйкес, ең жоғары көрсеткіш 17 530-ды құраған болатын.

Мәлімет 85 191 тесттің өткізілуіне негізделген. Коронавирусты анықтау көрсеткіші: күн сайын – 28,41%, соңғы 14 күнде – 21,96%, соңғы жеті күнде – 24,96%.

Соңғы тәулікте елде коронавирустан 10 732 адам жазылып, 36 пациент қайтыс болған.

31 қаңтарда Грузияда коронавирус инфекциясының 13 150 жаңа оқиғасы анықталды, 8 503 науқас сауығып, 35 адам қайтыс болды.

Жалпы, пандемия басталғалы Грузияда коронавирус инфекциясының 1 200 124 жағдайы анықталды, оның ішінде 1 020 510 адам сауығып, 15 016 адам қайтыс болды.

Бір күн бұрын 8 371 адам екпе салдыртқан.

Инфекцияның жаңа жағдайлары географиялық тұрғыдан келесідей бөлінді:

Тбилиси - 11 800,

Имерети - 3 134,

Аджария - 2 204,

Самегрело-Земо Сванети - 1 628,

Шида Картли - 1 461,

Квемо Картли - 1199,

Кахети - 1059,

Гурия - 473,

Мцхета-Мтианети - 683,

Самцхе-Джавахети - 471,

Рача-Лечхуми мен Квемо Сванети – 89

Қазіргі кезде Грузияда 164 572 белсенді инфекция жұқтыру жағдайы тіркелді.

Ауруханада 5454 адам емделіп жатыр, оның 1048-нің жағдайы ауыр. Жасанды тыныс алу аппаратында 263 адам бар.

2031 адам ковид қонақ үйлерінде емделіп жатыр.157 087 науқас үйде ем алуда.