Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 44 адам тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 сәуір cағат 18:05-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 44 адам тіркелді. Оның ішінде Алматы қаласында - 28, Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Жамбыл облысында - 1,Түркістан облысында - 4, Алматы облысында - 3. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлайды.
Осы сағатта
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 537 адам,
Алматы қаласында – 876,
Шымкент қаласында – 175,
Ақмола облысында – 93,
Ақтөбе облысында – 57,
Алматы облысында – 100,
Атырау облысында – 123,
Шығыс Қазақстан облысында – 16,
Жамбыл облысында – 106,
Батыс Қазақстан облысында – 122,
Қарағанды облысында – 128,
Қостанай облысында – 43,
Қызылорда облысында – 182,
Маңғыстау облысында – 27,
Павлодар облысында – 105,
Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
Түркістан облысында – 115, жалпы 2835 науқас тіркелді.