Коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 36 адамнан анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 36 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайттағы мәліметтерге қарағанда, өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан қайтыс болғандар тіркелген жоқ, 18 адм аталмыг дерттен жазылып кетті.
2020 жылдың 13 наурызынан бері елде коронавирус пневмониясымен 88458 адам ауырып, 5347 қайтыс болды, жазылып шыққандар саны 82068.