09:47, 13 Тамыз 2020 | GMT +5
Коронавирус инфекциясының белгісі бар 972 пневмония тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 тамызда елімізде коронавирус инфекциясының белгісі бар 972 пневмония тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 972 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 15732, 188 өлім жағдайы тіркелді», делінген хабарламада.