НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінде әлемнің 138 елінде 147 697 адамға коронавирус жұққан. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бөлісу:
None
Коронавирустың ошағы саналған Қытайда вирустың таралуы айтарлықтай бәсеңдеп отыр. Бұл елде бір тәулікте 11 оқиға тіркелген. Жалпы, Қытайда 80 824 адам коронавирус жұқтырып, оның 3 189-ы қайтыс болды. Стационарларда 12 094 науқас ем алып жатса, 65541 адамның жазылғаны белгілі.
Ал әлемнің басқа елдерінде 66 873 (круиз лайнерін қоса алғанда) адам вирус жұқтырып, оның 2 239-ы қаза болды. Бұл ретте 1 «А» санатына жатқызылған Италиямен 1 «Б» санатындағы Испанияда коронавирус өршіп тұр.
Нақты айтар болсақ, Италияда бір тәулікте вирус жұқтырған 2 547 адам анықталды. Вирус жұқтырғандығы нақтылаған науқастар саны - 17 660 адам, қаза тапқандар 1 439. Испанияда 5 232 адам вирус жұқтырып, 133 адам қайтыс болды. Бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырғанын расталған адамдар саны - 2 086.