Коронавирус: Қазақстан «сары» аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда КВИ-тестің оң нәтижесімен 225 685 адам және теріс нәтижемен 49 817 адам ауырды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Қазақстан «сары» аймақта тұр

«Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда COVID-19 оң нәтижесімен 225 685 адам және КВИ-дің теріс нәтижесімен 49 817 адам ауырды. Науқастардың 92% сауығып кетті, оның ішінде КВИ-дің оң нәтижесімен – 207 371 адам және КВИ-дің теріс нәтижесімен – 45235 адам. Соның ішінде соңғы тәулікте КВИ-дің оң нәтижесінің 954 және теріс нәтижесінің 7 жағдайы тіркелді. Оның 10-ы өлім жағдайымен аяқталды», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймақта тұр.

«Қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы еніп отыр. «Сары» аймаққа Ақмола, Атырау, Алматы және Қарағанды облыстары кірген. Ал қалған 10 аймақ «жасыл» аймақта орналасқан», - дейді ол.