Коронавирус: Қазақстанда 6 науқас реанимациядан ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда COVID-19 диагнозы бар 6 пациент интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус: Қазақстанда 6 науқас реанимациядан ауыстырылды

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 2, Шымкент қаласында - 1, Қарағанды облысында - 1, Жамбыл облысында 1 науқас емдерін палатада жалғастыратын болады.

Бүгінге дейін реанимациядан мамандандырылған бөлімге елімізде барлығы 110 пациент ауыстырылды.