Коронавирус: Қазақстанда «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 41 264 жүкті әйел салдырған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 17 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 539 038 адам, 2 - ші компонентін 9 321 531 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, 2022 жылғы 17 шілдеде «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 229 826 адам, ІІ-ші дозасын 1 168 972 адам салдырды.

Оның ішінде: І-ші компонентін 868 684 жасөспірім, 41 264 жүкті әйел, 145 057 бала емізетін әйел салдырды.

ІІ-ші компонентін 846 299 жасөспірім, 38 772 жүкті әйел, 139 430 бала емізетін әйел салдырды.


Соңғы жаңалықтар