09:45, 29 Наурыз 2021 | GMT +5
Коронавирус: Қазақстанда төрт өңір «қызыл» аймақта тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2021 жылдың 29 наурызындағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау және Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақта тұр.
«Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан.
Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта.