Коронавирус: Қазақстанға ұшып келген 288 жолаушыда ПТР-анықтама болмаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 қараша күні Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Германия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Ресей, Украина, Қырғызстан және Тәжікстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус: Қазақстанға ұшып келген 288 жолаушыда ПТР-анықтама болмаған

«2 746 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 458 адам, анықтамасыз 288 адам – ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына - 9 рейс, 1 505 жолаушы, анықтамамен - 1 389, анықтамасыз - 116.

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 10 рейс, 1 232 жолаушы, анықтамамен - 1 060, анықтамасыз - 172;

- Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 9 жолаушы анықтамамен келді», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратында.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 288 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсеткен.