Коронавирус: Қостанайда жалған ақпарат таратқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде COVID-19 инфекциясының тарағаны туралы жалған ақпарат таратқандарға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта WhatsApp мессенджерінде Қостанай облысының Қарабалық және Денисов аудандарында короновирус инфекциясымен ауыратын науқастар анықталғаны туралы хабарлама таралды. Біз бұл ақпаратты теріске шығарамыз. Облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар жоқ!» - делінген Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хабарламасында.

Ведомство өкілдері қостанайлықтарды тек қана ресми ақпаратқа сенуге шақырады. Сонымен қатар осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар