Коронавирус: Кувейт барлық коммерциялық әуе рейстерін тоқтатты

ЭЛЬ-КУВЕЙТ. ҚазАқпарат – Кувейт әлемде бірінші болып COVID-19 вирусының таралуына шектеу қою үшін барлық коммерциялық әуе рейстерін жауып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Кувейт Сити халықаралық әуежайының жабылуына байланысты Парсы шығанағындағы бұл елге енді ешбір ұшақ келіп қона алмайды және ұшып шыға алмайды. Әуе қақпасы тек жолаушылар ұшағына және өз еліне қайтып келе жатқан Кувейт азаматтары мінген ұшақтарға ғана ашық.

Бүгінгі таңда Кувейтте 100 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Шығанақтағы көрші елдердегі жағдай мынандай: Сауд Арабиясында COVID-19-бен ауырудың 86 жағдайы тіркелген; БАӘ-де – 85; Иракта – 101, Бахрейнде – 210; Катарда – 320. Таяу Шығыс өңірі бойынша бұл дерт ең көп таралған және әлемде бұл көрсеткіш бойынша үшінші тұрған ел – Иран. Онда 11364 адам бұл вирусты жұқтырған.

Бұған дейін Кувейт билігі коронавирусқа байланысты бірқатар елдерге әуе рейсін тоқтатқан еді. Елдің премьер-министрі шейх Сабах аль-Халед аль-Хамад ас-Сабах пен Үкімет мүшелері өткен аптада болған шұғыл кеңес кезінде Бангладеш, Мысыр, Индия, Ливан, Сирия, Филиппин, Шри-Ланка сынды елдерге баратын және келетін әуе рейстерін тоқтатқан еді.

Автор: Ильяс Омаров


Соңғы жаңалықтар