Коронавирус: Қытайда науқастардың 93%-дан астамы ауруынан айыққан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайда коронавирус инфекциясымен ауырған науқастардың 93%-дан астамы ауруынан айыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабына сілтеме жасап.

Коронавирус: Қытайда науқастардың 93%-дан астамы ауруынан айыққан

Қазіргі уақытта бұл елде сырттан келген және жергілікті жерде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күн сайын азайып келеді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны 82 798-ді құраған, оның 77 207-сі емделіп, ауруханадан шығарылған. Бұл жалпы науқастар санының 93,2%-ын құрайды. Ауруханаларда шамамен 1 мың емделуші қалған.

ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметтері бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 93,2%-ы сауығып, 5,59%-ы қайтыс болған.


фото: tvzvezda.ru