Коронавирус: Нидерландта полиция үйлену тойын тоқтатты

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Сенбі кешінде Нидерланд полициясы 100-ден астам адамның қатысуымен өткен үйлену тойын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат NLTimes агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Отбасылық шара елдің шығысындағы Друтен қаласында өтті. Бұған дейін Нидерланд билігі COVID-19 коронавирусының таралуына жол бермеу үшін 100-ден астам адамның қатысуымен өтетін көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салған.

Алайда, той ұйымдастырушылары қонақтар санын қысқартқан соң полиция шараны жалғастыруға рұқсат берді. Енді олар айыппұл төлеп құтылады немесе өзге де жауапқа тартылуы мүмкін.

Атап өтейік, жексенбі күні Нидерланд үкіметі коронавирусты тоқтату бойынша қосымша іс-шараларды қабылдады. Енді мектептер мен балалар мекемелері 6 сәуірге дейін жабылады. Сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындары, спорттық клубтар да жұмысын тоқтатады.

Жексенбіде ел билігі коронавирус жұқтырғандар саны 1135 адамға жеткенін хабарлаған. Қазіргі кезде Нидерландта қауіпті вирустан көз жұмғандар саны – 20 адам.


Соңғы жаңалықтар