Коронавирус: Нұр-Сұлтанда 40 адам жансақтау бөлімінде жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева қаладағы КВИ науқастарының санын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус: Нұр-Сұлтанда 40 адам жансақтау бөлімінде жатыр

«8 желтоқсан күні таңертең қала бойынша инфекциялық стационарларда 359 науқас болды, оның ішінде жансақтау бөлімінде - 40 адам. Өкпені жасанды желдету аппаратында – 14 адам», - деді Гүлназ Досмырзаева әкімдікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған науқастардың саны өткен айлармен салыстырғанда азырақ.

Тиісінше, КВИ науқастарының да 38%-ға, стационарлық емделіп жатқандардың – 27%-ға төмендегені байқалады.

Сондай-ақ, жедел медициналық жәрдем қызметіне жүгінулер мен шақырулар саны 27%-ға азайды.

«Осындай жақсы көрсеткіштерге қарамастан, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары коронавирус инфекциясы бар пациенттерге үйде қызмет көрсетуді жалғастыруда. Мобильді бригадалар күніне 1-1,2 мың амбулаторлық емделушілердің үйлеріне барады. Мутацияланған вирустың алдын алу және одан қорғау мақсатында елордада халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жалғасып жатыр», - деп қорытындылады дәрігер.