Коронавирус Панамаға жетті

ПАНАМА СИТИ. ҚазАқпарат – Панама денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Коронавирус Панамаға жетті

Вирус 40 жастағы әйелден табылған.

Инфекция жұқтырған әйел Панамаға дүйсенбі күні Испаниядан келген. Елге келгенде науқас келіншек жөтеліп, ыстығы көтерілгеннен кейін медициналық көмекке жүгінген.

Қазір ол үйіне жіберілді.