Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 11 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 маусымдағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 15 оқиғасы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 60 адам емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 11 адам көз жұмды

1 тамыздан бүгінге дейін коронавирус пневмониясына барлығы: шалдықты – 56940 адам, қайтыс болды – 984, жазылып шықты 52203 науқас.

Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 26 маусымда коронавирус індетінен ел өңірлерінде 10 адам көз жұмды.

Жалпы, 13 наурыз – 26 маусым аралығында Қазақстанда коронавирусқа:

шалдықты - 419 800;

қайтыс болды - 4316 адам.

13 наурыз – 26 маусым аралығында коронавирус пневмониясына:

шалдықты – 56 940;

қайтыс болды – 3443 адам