Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 114 адам көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 114 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДСМ сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, бір тәулікте коронавирустан 93 адам көз жұмған.
Ал коронавирус белгілері бар пневмонияның 460 жағдайы және 21 өлім тіркелді. Оған қоса 167 адам емделіп шықты.
13 наурыздан 2020 ж. барлығы: ауырғандар - 70250, 4485 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 58626 жетті.