Коронавирус пен пневмонияға тағы 46 адам шалдықты – министрлік

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясына 34 адам шалдықты. Сондай-ақ 12 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, 22 қазандағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 972 адам ем қабылдауда, оның ішінде коронавирустан –812 (КВИ+) пневмониядан 160 (КВИ-) адам. 100 пациент стационарда жатса, 872 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 2 адамның жағдайы ауыр,

- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар