08:56, 30 Наурыз 2021 | GMT +5
Коронавирус пневмониясы: 10 жағдай және 2 өлім тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бір тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 2 адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«28 наурыздағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 192 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бастап барлық ауырғандар саны - 50443, 684 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 47 837 жетті», делінген хабарламада.