Коронавирус пневмониясы: 375 адам емделіп шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 375 адам емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz -ке сілтеме жасап.

Коронавирус пневмониясы: 375 адам емделіп шықты

15 қарашадағы коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен ауырған 195 адам тіркелді және осы сырқаттан 2 науқас көз жұмды. Оған қоса 375 адам емделіп шықты.

2020 жылдың наурызынан бастап барлық ауырғандар саны – 81 398, 5101 адам өлімі тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 71 557 жетті.