Коронавирус пневмониясы: 70 жағдай және 2 өлім тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

Коронавирус пневмониясы: 70 жағдай және 2 өлім тіркелді

«28 қаңтарда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 70 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 95 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 47 787, 566 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35 605 жетті», делінген хабарламада.