Коронавирус пневмониясы: 71 жағдайы және 3 өлім тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

Коронавирус пневмониясы: 71 жағдайы және 3 өлім тіркелді

«29 қаңтарда коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 138 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 47858, 569 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35 743 жетті», делінген хабарламада.