Коронавирус пневмониясы тағы 50 адамнан анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 наурыздағы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 50 жағдайы тіркелді. Оған қоса 189 адам емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус пневмониясы тағы 50 адамнан анықталды

1 тамыздан бастап коронавирус пневмониясына барлығы: шалдықты – 50 003, жазылды – 45 803, қайтыс болды – 659 адам.

Айта кетейік, өткен бір тәулікте елімізде коронавирус инфекцияна шалдыққан тағы 1264 адам анықталды, жазылды - 749 науқас.