09:02, 04 Тамыз 2022 | GMT +6
Коронавирус пневмониясына 26 адам шалдықты – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға 26 адам шалдықты, өлім-жітім болған жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
4 тамыздағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан (КВИ+) – 28 223, коронавирус пневмониясынан (КВИ-) – 274 адам, барлығы 28 497 науқас ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 1 477 пациент стационарда, 27 020 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 35 адамның жағдайы ауыр;
- 8 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Еске салайық, кеше Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан 2 адам қайтыс болғанын мәлім етті.