Коронавирус пневмониясына тағы 23 адам шалдықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 наурыздағы тәулік ішінде ел өңірлерінде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 23 жағдайы тіркелді, 14 адам сауықты. ҚазАқпарат бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Жалпы 2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 29 наурызға дейін коронавирус пневмониясы 88 651 адамда анықталды. Оның ішінде жазылды – 82 284 науқас, қайтыс болды - 5352 адам.

Айта кетейік, 28 наурыздағы бір тәулікте «коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония» диагнозы 21 адамға қойылған болатын.


Соңғы жаңалықтар