Коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды – министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 51 адамнан, коронавирус белгілері бар пневмония 7 адамнан анықталды. Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 1 520 адам (коронавирустан (КВИ+) –1 372, пневмониядан (КВИ-) – 148) емделуде. Олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 399 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр.Айта кетейік, 5 ақпанда коронавирусқа 33 адам шалдыққан болатын.


Соңғы жаңалықтар