Коронавирус пневмониясынан 4 адам қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 11 қарашадағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.
«9.11.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 176 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 212 адам емделіп шықты» делінген хабарламада.
13 наурыздан 2020ж. барлығы: ауырғандар - 80753, 5080 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 70490 жетті.