Коронавирус пневмониясынан 46 адам емделіп шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға қатысты 21 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирус пневмониясынан 46 адам емделіп шықты

«4 желтоқсанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 21 жағдайы тіркелді. Оған қоса 46 адам емделіп шықты.

2020 жылы наурыздан бастап барлық ауырғандар саны – 82 976, 5 163 науқас өлім тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 74 609-ға жетті», делінген хабарламада.