Коронавирус пневмониясынан 6 адам қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 111 жағдайы және 6 өлім жағдайы жағдайы тіркелді. Оған қоса 134 адам емделіп шықты, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
13 наурыздан 2020ж. барлығы: ауырғандар - 86651, 5275 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 80178 жетті.