Коронавирус пневмониясынан жазылғандар саны 51 мыңнан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 4 маусымдағы мәлімет бойынша 89 адам коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмониямен ауырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирус пневмониясынан жазылғандар саны 51 мыңнан асты

«4 маусымдағы коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 89 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 13 адам емделіп шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап барлық ауырғандар саны – 55 783, 931 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51 501 жетті», делінген хабарламада.